Білім мен тәрбиенің тал бесігі

259
«Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады», деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек-ті.
Себебі мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды маман қылып шығаратын, шынықтыратын мектеп. Білім мен тәрбиенің тал бесігі.
Осы бесікті тербетіп, ақылын аямайтын, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас.
Бүгін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Талас ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана гүл, ана-өмір шуағы» атты салтанатты шара өтті.
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай орасаң зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау.
Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Ұл балалардың қыз баласына деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.
Қазіргі қоғамдағы қыз балалардың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні Таластық аяулы ұстаз аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді.
Осы салтанатты шарада «Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көр­сет­у.
Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда ба­ғытынан таймасы анық.
Біз қазіргі уақытта жаңар­тыл­ған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшудеміз.
Бұл орай­да мұғалімдердің атқарар рөлі орасан зор. Сондықтан сіз­дерге сарқылмас күш-жігер тілеймін», деп ұстаздарға ізгі ниетімді білдірдім.
Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
Мақсат Қазанғапов,
Талас аудандық білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.