БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫНА ЕСКЕРТКІШ БҰРЫШ ОРНАТЫЛДЫ

57
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияда қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Әділбай Дастанның құрметіне ескерткіш бұрыш орнатылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Талас аудандық бөлімшесінің бастығы, Әділбай Дастанның әке-шешесі, бауырлары және мектеп ұжымы қатысты.
Жиын бейбіт күннің батырын 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Шарада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Әділбай Дастанға өлең арнады.
Сондай-ақ, Қаратау қаласында қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Әділбай Дастанды еске алуға арналған 2008-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында дзюдодан облыстық ашық турнир өтуде.
Талас аудан әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.