Белсенділік жоғары

99
Көктал ауылындағы мәдениет үйіне орналасқан № 135 сайлау учаскесіне атбасын бұрдық. Мұнда әрбір көкталдық өзі берген даусының тарихи жауапкершілігін сезіне алатындай сергектік танытуда. Келушілер үшін барлық жағдай жасалған.
Сағат тілі 8.00-ді көрсеткенімен, жұртшылық үлкен белсенділік танытып келе жатқанына куә болдық. Мұндағы тіркелген 2260 сайлаушының 54-тен астамы дауыс беріп үлгерді. Мұнда да бақылаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері сайлаудың әділ әрі ашық өтіп жатқанын қадағалап отыр.
-Елімізде, облыс пен ауданымызда көптеген өзгерістер болып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар да ауқымды. Ауылымызда жаңадан мектеп салынып, жолдар жөнделуде. Тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс сапасы артуда. Еліміздің келешегі, жастардың жарқын болашағы үшін дауыс беруге келдім,-деді көпбалалы ана Райкүл Рапишева.
Аталған сайлау учаскесінде үйден дауыс беруші 10 болса, оның 6-уы мүмкіндігі шектеулі жандар. Ерекше атап өтетін жайт, 18 жасқа толған 5 жас: Мадина Даулет, Нұржан Ербаев, Асел Ерниязова, Мұхамеджан Кеңесбек, Асылан Қуанышбек –алғаш дауыс бермекші екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.