Белсенділік танытқаны үшін марапатталды

765

Қиын жағдайға тап болған адамдарға өмірдің қызығынан қалмай, әсерлі оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, барша адамға мейірімділік танытып, қолынан келгенше сүйеу бола білу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс екендігі анық. Өзінің алтын уақытын өзге жанға қуаныш сыйлау үшін қиып жүрген волонтер жастың бірі – Аяулым Расылхан.

Бүгін төтенше жағдай кезінде волонтерлік пен белсенділіктің үлгісін танытып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасау ісіне белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс» хатымен марапатталды. «Алғыс» хатты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаев табыстады. «Жастардың бүгінгі күніне қарап, елдің ертеңін болжауға болады. Өңірімізде өзің сияқты белсенді, мейірімді, жалынды жастардың бар екендігі қуантады. Төтенше жағдай кезінде тәуекелге бел буып, халқыңа көмектесіп жатқаның үшін өзімнің атымнан да алғыс білдіремін» — деді Ержан Жұматұлы.

Аяулым волонтерлықпен 1 курстан бері айналысады. Бұл іспен шұғылдануды өзі қалап, аталған волонтерлық қозғалыстың қатарына қосылды. Аяулым Расылханқызы 2020 жылдан бері облыстық «Жібек Жолы жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісі.

«Басынан әртүрлі жағдайды өткізіп, біз елестете алмайтын жағдайда өмір сүріп жатқан адамдар өте көп. Қарт және көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, сол кісілердің батасын алу біз үшін бәрінен де қымбат әрі бағалы. Сонымен қатар, бізді біріктіретін ортақ дүние – өзгелерге қуаныш сыйлау. Волонтер болып жүрген жастардың баршасы ең алдымен өзін емес, өзгені ойлайды. Соңғы уақытта елімізде волонтерлыққа деген оң көзқарастың қалыптасып жатқаны қуантады» — дейді Аяулым.

Leave A Reply

Your email address will not be published.