Байзақта егін шаруашылығы қарқынды дамып келеді

77
Байзақ ауданында кейінгі жылдары егін шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аудан бойынша 59552 гектар жер игеріліп, оған 1825,2 гектар пияз, 8730 га күздік бидай, 12790 га жаздық арпа, 5704 га көкөніс, 2010 га дәндік жүгері, 1400 га майлы дақыл, 1000 га қант қызылшасы, 1800 га бақша, 700 га картоп егілді. Бұлардан басқа таңқурай, құлпынай, дәндік бұршақ тағы басқа да дақылдар еккен шаруашылықтар бар.
Ауданда пияз егіп, одан мол өнім алуда жақсы тәжірибе қалыптасқан. Биылғы жылы аудан бойынша 1825,2 га. жерге пияз егілді. Пияз егумен аудандағы 18 округтің 14-і айналысады. Олардың арасындағы Бурыл ауылдық округі 900 га. жерге пияз ексе, Қостөбе, Ботамойнақ, Диқан, Жаңатұрмыс ауылдық округі диқандары пияз егетін алқапты 130-215 гектар аралығына жеткізген. Аудан бойынша әр гектардан 425 центнерден өнім алынып, барлығы 77576 тонна пияз жиналып алынды.
✅Сонымен қатар,өсірілген өнімді жинап алумен бірге оны сол қалпында сақтау да маңызды. Міне сондықтанда ауданда 15 жеміс-көкөніс сақтау қоймалары бар. Олардың аумағы 17625 шаршы метр болса, сыйымдылығы 29540 тонна. Аталған қоймалардың үшеуінде салқындатқыш қондырғылары орнатылған. Қоймаларға 19550 тонна пияз, 800 т картоп, 500 т сәбіз өнімдері сақтауға қойылды.
Аудандағы 10 округтің 27 шаруашылығы 1000 га алқапқа қант қызылшасын екті. Бүгінде 980 га егіс алқабынан 34790 тонна тәтті түбір жиналды. Оның 34682 тоннасы Меркі қант зауытына өткізілді.
▪️Диқандар қант қызылшасын алғашқы қар түскенше төкпей-шашпай жинап алу жолында уақытпен санаспай еңбек етуде.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.