Бүгін Бәйтерек ауылы тұрғындарымен кездестім. Кездесу жылы шырайда және өзара ашық сұқбатта жүруімен ерекше болды.
Өз тарапымнан «Ауыл аманаты»,» Жер аманаты» жобалары мен Сайлауалды бағдарламаның жол картасының орындалуын жеткіздім.
Айта кету керек, Бәйтерек ауылында Партияның жол картасы аясында Т. Тастандиев мектебі күрделі жөндеуден өтіп, 25 орындық фельдшерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Тұрғындар сонымен қатар, аудандағы жер комиссиясының ашықтығын қамтамасыз ету, жастарды қолдау, нысандарға ЖСҚ әзірлегенде қоғамдық тыңдау өткізу жайында ұсыныстарымен бөлісті.
Қуантарлығы, Бәйтеректе биыл да жол жөндеу, жарықтандыру, ауызсу жүйесін жүргізу сияқты ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ.