БАЙҚАДАМДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

448
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдерге жыл бойы халықпен кездесулер өткізуді, кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, шешу жолдарын түсіндіруді және қарастыруды тапсырған.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Байқадам ауылдық округінде тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудан әкімі тұрғындарға 2024 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Ауданда атқарылған жұмыстармен қатар, Байқадам ауылдық округінде де қолға алынған жұмыстар мен жүзеге асатын жобалар айтылды.
Байқадам ауылдық округіне аудандық бюджет есебінен 112,3 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар атқарылуда. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жобасы аясында Саудакент ауылы аумағындағы «QazaqSoda» ЖШС инвестициялық жобасына 939,7 млн.теңге су тарту жұмыстарына бөлінді. Аудандық орталық аурухананың Саудакент ауылдық бөлімшесінің жылыту қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7,5 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжатын дайындап, жылыту маусымына дейін жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Саудакент ауылында орталықтандырылған ауыз су жүйесінің 1-кезеңі (600 үй) құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды қыркүйек айында аяқтап, халық игіліне беру жоспарланып отыр. Ауыз сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі (400 үй) бойынша ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптамадан өтуде.
«Qazaq soda» ЖШС Саудакенттегі стадионды 11 млн. теңгеге сатып алып берсе, алдағы уақытта 2 спорт алаңшасын жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы бірінші осы Байқадам ауылдық округінен басталып, өз нәтижесін беріп келе жатыр.
Сондай-ақ, аудан әкімі биылғы жылдың қаңтар айындағы тұрғындармен кездесуде көтерілген мәелелер бойынша атқарылған жұмыстарға, шешімін тапқан мәселелерге де тоқталды.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, газ, субсидия алу, Ынталы каналын тазалау, Ы. Дүкенұлы кесенесіне штат қарастыру, аудандық музейге, аула клубы мекемелеріне қосымша бөлме қарастыру, ауыл имамының қызметі сияқты және басқа да жеке мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, қадағалауды қажет ететін кейбір мәселелер бақылауға алынып, заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатындығы айтылды. Жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.
Ауыл тұрғындары есепті кезеңде ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.