Басты мақсат—тұрғындардың қауіпсіздігі

143

Ақпан айының 2-нен бастап күн жылып, қалың түскен қар еруде. Жайылма ауылдық округіне келетін Бүркітті өзеніне еріген қар қосылып, су деңгейі көтеріліп, ауыл іргесіне жақындады.

Арнайы штаб құрылып, төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді. Су ағысы басқа бағытқа бұрылды. Жұмысқа әкімдік қызметкерлері мен ауыл тұрғындары да атсалысты. Күнделікті барып, ауылдағы жағдайды бақылаудамыз.

Байқадам ауылдық округтегі іс сапарымда тұрғындармен кездесу өткіздім. Жеке кәсіпкер Бақытжан Сармолдаевпен пікірлесіп, атқарып жатқан шаруашылығы жайлы ойын тыңдадым. Өз тәжірибесімен жеке кәсіпкерлермен бөлісіп, ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге бірге атсалысу керек екенімізді жеткіздім.

«Еврохим» компаниясы аудандағы инвестициялық жобаны іске асырудың бір кезеңін аяқтап, келесі кезеңге өтуде. Бұл дегеніміз өңірді дамытуға салық аударымдары артып, жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіншілік болады.

Осыған орай, аудандағы компанияның басшыларын қабылдап, атқарған жұмыстарына тоқталып, жобаларымен таныстым. Биылғы қаңтар біздің ауданда төтенше жағдаймен басталды. Қатты боранның салдарынан бірнеше нысандардың зардап шеккенін білесіздер. Сонымен бірге қалың қар жауып, қала және Түркістан ауылдық округтерін қардан тазалау жұмыстарында «Еурохим» компаниясы техникалармен қамтамасыз етіп, бірге жұмыс атқардық. Азаматтарға аудан атынан рахметімді жеткіздім. Алдағы уақытта да ауданның экономикалық дамуына оң динамика қалыптастыратын жұмыстар жүргізіледі.

Сарысу ауданында биылғы жылдың қаңтарында қалың қар жауып, ауа райы -19 градусқа дейін төмендеп, жерге қатқан тонның қалындығы 20 см-ден астам болды.
Елді мекендерде жауған қарларды тазалап, белгіленген орындарға шығару, каналдар мен көше арықтарын аршу жұмыстарын жүргізіп, көктемгі су тасқындарын алдын алу іс-шаралары жасалды.
Жаңатас қаласы мен барлық ауылдарда сел қауіпінің алдын алуға жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындар жұмылдырылған.
Түркістан ауылдық округінде бірнеше күн бойы көпірлерді ашып, жұмыстар жүргізілді.
Жайылма ауылдық округінде болып, қар ерігеннен кейінгі жағдайларды зерделедік. «Бүркітті», «Қызыл дихан» су қоймаларындағы судың тасу қаупін байқап, ауыл әкіміне нақты тапсырма берілді.
Басты мақсат—тұрғындардың қауіпсіздігі, су арналарының бағытын дұрыстау,
Ақпан айы басталғаны қатты аяздың беті қайтып, ауа райының жылынуы мен нөсерлете жауған жауынның салдарынан қыр, сай-салалардағы, көше бойындағы қарлар, қатқақтап қалған мұздақтар да еруде.
Түркістан ауылдық округі мен қала ішінде еріген қардан арықтар толып, көшелерге кіруде. Бүгін күні бойы тазалау жұмыстарының басы-қасында болдық.
Ауа райын алдын ала бақылап, тиісті сала мамандары, ауыл әкімдері, төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері арықтарды тазалау, судың бағытын арнаға қарай бұру жұмыстарымен бір аптадан бері айналысуда.
Ауылдағы жеке шаруашылықтардың, «ЕвроХим» ЖШС-нің және коммуналдық салаға жауапты мекемелердің, төтенше жағдай бөлімінің техникалары жұмылдырылып, су басу қауіпінің алдын алды.
Бүгінгі штаб отырысында орынбасарлар мен қала, ауыл әкімдеріне, аппарат пен инспекторларға нақты тапсырмалар бердім.
Ертең ауылдық округтердегі су қоймаларын аралап, Түркістан ауылдық округіндегі жағдайды тағы да бақылап келемін.

Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.