Басты мақсат — көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аудару
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылады.
Департаментпен жоспарлы тексеружүргізіліп, нәтижесінде «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызметінкөрсетуден негізсіз бас тарту деректері анықталды.
Нақтырақ айтқанда, бюджеттікұйымдардыңқызметкерлеріне жұмыс орнынананықтаманыңжоқтығына сілтеме жасалып, тұрғынүйге мұқтажретінде есепке қоюдан 3 азаматқа негізсіз бас тартылған. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінқорғаумақсатында Департаментпен олардыңбұзылғанқұқықтарын қалпына келтіруге бағытталғаншараларды қабылдау туралы ұсынысенгізілді.
Департаменттің ден қоюынан кейінқызметалушылар бюджеттік ұйымның қызметкеріретіндетұрғын үй алу кезегіне қойылып, олардың құқықтары толық қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайына немесе 8(7262) 438808 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.
Р.Шарипов
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы