Барлық стадиондар Пеленің атына өзгертіледі — ФИФА басшысы

130

пеле

Бразилияда футбол аңызымен қоштасу өтті.

«Пеле ерекше мұра қалдырды. Ол жерде санаулы адамдарда ғана бар дарынға ие болды. Біз оны жүрегімізде мәңгі сақтаймыз және футбол әлемі оны мәңгі есте сақтайтынына сенімдіміз», – деді ФИФА басшысы.

Джанни Инфантино ФИФА-ға кіретін федерация басшыларымен бүкіл әлемдегі стадиондар футбол аңызының атымен өзгертілуі үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Пелені еске алу үшін барлық федерациялармен сөйлесуге келдік. Әлемнің әр елінде Пеле футбол стадионы болуы тиіс. 50 немесе 100 жылдан кейін жас ұрпақ «Пеленің кім екенін» сұрағанда, оны еске түсіре аламыз», – деді ФИФА президенті.

Пелемен қоштасу рәсімі 2 қаңтарда Сантос футбол клубының стадионында болды.

Әскери полиция кезектің ұзындығы екі шақырымға жетеді деп есептейді. Жанкүйерлер стадионға жету үшін шамамен екі сағат күтеді.

https://stan.kz/barlik-stadiondar-pelenin-atina-ozgertiledi—fifa-bass-375599/

Leave A Reply

Your email address will not be published.