БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ-БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС.

114
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның міндеті» тақырыбында өткен ашық форумға қатысты.
Облыстық прокуратура жанындағы Консультативтік кеңестің бастамасымен «Оқушылар сарайында» ұйымдастырылған шара барысында тақырып аясында мәселелер талқыланды.
❗Облыс әкімі тақырып аясындағы мәселенің маңыздылығына айрықша көңіл бөліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты талаптардың бірі екендігіне тоқталды.
Сонымен қатар, аймақ басшысы оқушылар арасындағы орын алып отырған буллинг, кибербуллинг, суицид жағдайлары алаңдататынын айтып, әлеуметтік желінің ықпалы аса белсенді кезеңде балаға сапалы біліммен қатар мықты тәрбие беру негізгі ұстанымға айналуы тиіс екендігін еске салды.
✅ Бүгінде психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар мен колледж студенттері арасында дер кезінде көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында «Komek Stop Bullying», «Психологиялық қызмет HR+» пилоттық жобалар жүзеге асуда.

 

Жамбыл Облысы Әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.