«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн»

268

Жамбыл облысында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны басталды

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілетіндігін хабарлайды.

Науқан ұраны: «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!».

Ақпараттық науқан мақсаты: бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару.

Ақпараттық науқан міндеттері: Еліміздің барлық өңірінде бала еңбегі проблемаларын БАҚ-та жариялау үшін журналисттерді тарту; бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттылығын арттыру.

Ақпараттық науқанның мақсатты тобы: ата-аналар (заңды өкілдер), балалар, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары.

Ақпараттық науқан қатысушылары: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті, Тараз қаласы мен аудандық әкімдіктер, Тараз қаласы мен аудандық білім бөлімдері, білім беру мекемелері, ішкі саясат, мәдениет, жұмыспен қамтуды  үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламаларды басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары.

Күтілетін нәтижелер: қоғамның балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне  тап болған жағдайда  балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттылық деңгейін арттыру; балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қатыстыруды жандандыру.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.