БАҚЫТ СЕЙДІШ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

310

Жерлесіміз, Белбасар ауылының тумасы Бақыт Сейдіш Испания мемлекетінің Аликанте қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Әлем Чемпионатының жеңімпазы атанды.

Әлем біріншілігін алғашқы кездесуден-ақ сәтті бастаған Бақыт Саматқызы өзінің шын мықты екенін дәлелдей алды. Ол жартылай финалда француздық Майлис Ричл атты қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберіп, финалдық бәсекеге жолдама алған болатын. Енді міне, ақтық бәсекеде неміс боксшысы Карлотта Шуенеманды айқын басымдықпен жеңіп отыр. Осылайша, шулық бұрымды боксшы бокстан жастар арасында 66 келі салмақта үздік екенін танытты.

Еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіреткен жерлесіміз елге оралды. Осыған орай, Әлем чемпионын Шу ауданының тумасы Болат Сауранбаев бастаған жерлестері мен туған-туыстары күтіп алды. Шулықтар әуежайда жеңімпазға құрмет көрсетіп, Әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтады.

 

Шу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.