«БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН!»

34

«БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН!»  ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ  БИБЛИОДЕСАНТ

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының мемлекеттік архивімен бірлесіп Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Атқарылған архив, тасқа басылған тарих» жобасы аясында «Бақыт гүлін терген күн!» атты библиодесант  ұйымдастырды.                                                                        

Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан үшін тылда еңбек еткен ардагерлерге көрсетілетін құрмет — бүгінгі буынның парызы мен адамгершілік борышы.

Іс-шараға Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы, Жамбыл облысы мемлекеттік архивисті, ардагер журналист Әділбек Баққараұлы қатысып, ата-бабаларымыздың сұрапыл соғыс кезіндегі көзсіз ерлігі мен жанқиярлығының арқасында бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылыққа жеткізгенімізді ерекше атап өтіп,  соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы өз ойымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.