«Бабалар аңсаған — Тәуелсіздік!»

56
№5 әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 16-шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Бабалар аңсаған — Тәуелсіздік!» атты қызметкерлер арасында салтанатты жиын өткізілді.
Танымдық шараның шымылдығын рталық басшысы Нарбаев Балабек Джанбекұлы ашты. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің басшысы Нұрбек Ратбекұлы, Облыстық маслихат депутаты, жеке кәсіпкер – Тәнкебаев Жұмахан Мұқашұлы қонақта болып, орталық қызметкерлеріне құрмет және алғыс хаттар табыс етті. Ұйымдастырылған іс-шараның басты қонағы арнайы құрметпен шақырылған, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жастар одағының сыйлық иегері «Желтоқсан желі» атты ән жинағымен халыққа кеңінен танымал болған, жерлесіміз Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауриаты, Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы театрдың актеры Жүніс Әлімбек қонақта болып, желтоқсан тарихымен бөлісіп, қонақ кәделерін көпшілікке паш етті.
Жиын барысында Орталық қызметкерлері тақырыпқа сай поэзия оқып, әуезді ән шырқап, арнайы видеороликтар көпшіліктің назарына ұсынды.
 Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.