Б. Атамқұлов Қордай ауданындағы кеден бекеттерінде болды

751

Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов Қордай ауданына жұмыс сапарымен келді.

Іссапар барысында «Қордай» және «Қарасу» кеден бекеттерінің жұмысымен танысты. Алдымен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков пен Қордай ауданының әкімі Р.Дәулетпен бірге «Қарасу» кеден бекетінде болды. Мұнда шекарашылар келушілерге пункттің қазіргі әлеуеті мен жұмысы жайында мәлімет берді. Бұл ретте аудан әкімі Р.Дәулет «Қордай» өткізу бекетінің күрделі жөндеуге жабылуына байланысты бұл бекетке айтарлықтай күш түскенін ескеріп, аудан әкімдігі тарапынан бірқатар жағдайдың жасалғанын айтты. Сонымен қатар адамдарды өзге пункттерге тасымалдау мақсатында арнайы көліктер ұйымдастырылғанын да мәлімдеді.
Министр Б.Атамқұлов алдағы уақытта «Қарасу» кеден бекетін кеңейту жұмыстары бойынша шекарашылардың ұсыныстарын тыңдап, «Бұл бекет екі ел арасында адамдар мен көлік құралдары көп өтетін пунктердің бірі болғандықтан, халық үшін барлық жағдайлар жасалу қажет, интернет желісінен бастап, электрондық өткізу құрылғылары, бейнебақылау жүйесі, медициналық пункт, тіпті қажет болған жағдайда шекарашыларға жатақхана салу мәселесі де құрылыс жоспарына енгізілуі керек»-деп тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді.
Кейіннен ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталған «Қордай» өткізу пунктінің құрылыс барысымен танысты. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан нысанның жағдайын бас мердігер баяндап өтті. Министр реконструкция нақты мерзімдері мен жүзеге асыру кезеңдері келісілген мерзім ішінде құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтау қажет екендігін баса айтты. Осы тұста «Қордай» өткізу-бақылау бекеті Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасында халық пен көлік ағыны ең көп шекаралық пункт болып саналады. Тәулігіне бірнеше мың адам мен автокөліктер өтетін аймақта жаз айларында жол жүруші азаматтарда көбейеді, сондықтанда осындай жағдайларды ескеріп, ауа жылытуымен біріктірілген ауа жылыту және салқындату жүйелері және сырттан сору желдету жүйелері міндетті түрде болуы керек» -деп бас мердігер мен жауапты мекеме басшыларына тапсырма беріп, аудан әкімінің тікелей бақылауында болатындығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.