Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әйгерім Сәттібаева Таиландтағы Азия чемпионатындағы жетістігі үшін 5 миллион теңге сыйақы алды. 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз ширек финалда филиппиндік Офелия Маньомен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетсе, жартылай финалда өзбекстандық Фарзона Фазиловадан ұтылып қалған еді. Осылайша, бес баласының барына қарамастан боксшы сарықұрлықтың ең үздік боксшыларының бірі атанды.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы және 2010 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Ол ұзақ үзілістен соң 2023 жылы боксқа оралған еді. Әйгерімнің жұбайы – бокстан Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев. Ерлі-зайыпты бүгінде 5 бала тәрбиелеп отыр.
Фото: ҚБФ
https://stan.kz/aziya-chempionatinin-kola-zhuldegeri-atangan-bes-balasi-bar-boksshiga-komakti-karzhi-tabis-etildi-411863/