Азиада-2023: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс түсті

73

Құрамында Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков және Асадбек Назиркулиев бар қазақстандықтар 10 метрден жылжымалы нысанға оқ атудан екінші орынға көтерілді

Қазақстан құрамасы индонезиялықтардың алдын орап кеткенімен, соңғы сында оңтүстіккореялықтарға есе жіберді.

Осылайша, Азиадада Қазақстан қоржынына әзірге жеті медаль түссе, соның екеуі – күміс, бесеуі – қола.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан дзюдо құрамасынан Аруна Жангелдина, Кәмила Берліқаш және Нұрлыхан Шархан қола жүлде үшін бәсекеге түседі.

 

https://turkystan.kz/article/234015-aziada-2023-aza-stan-orzhynyna-ta-y-bir-k-mis-t-sti

Leave A Reply

Your email address will not be published.