Азаматтарды қабылдау күні өтеді

779

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды.

Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биылғы жылғы 21 қарашада өткізу жоспарланды.

Осыған орай 2019 жылдың 21 қарашасында сағат 09:00 ден 18:00 аралығында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет майоры Еркін Нұрбаев мекеме қызметіне қатысты сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау күнін өткізеді.

Қабылдау өткізілетін мекен-жай: Тараз қ. Е. Ниетқалиев көшесі, 104а.
Анықтама телефондары: 8 (7262) 54-36-71

Leave A Reply

Your email address will not be published.