АЙТЫЛДЫ — ОРЫНДАЛДЫ: КӨШЕГЕ ЖАРЫҚ ШАМДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

205
Жалпақтөбе ауылында тұрғындармен кездескен ауданның әкімі Ерлан Қыдыралыұлының назарына ауыл қариялары Нұрлы жол көшесіндегі жарық мәселесін жеткізген болатын. Көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген.
Сөзден-іске келер болсақ, тұрғындардың өтінішін хаттамаға түсірген аудан басшысы жыл ішінде көшені жарықтандыруға ықпал ететінін айтқан болатын. Бүгінде қала маңындағы көшеге жарық шамдары орналастырылды.
Бұл туралы округ әкімі Ержан Данаев:
— Тұрғындары көше жарығын орнатуды бірнеше жылдан бері сұрап келген болатын, міне жақында сол тілектері орындалып, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының қолдауымен ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын жарық шамдар орнатылды, — дейді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.