Айтылды — орындалды: Алматы көшесіне асфальт төселуде

53
Қала маңында орналасқан Сұлутөр ауылында тұрғындар өтініші орындалды. Ағымдағы жылы аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жергілікті жұртшылықпен кездескенде тұрғын Ерболат Қуандықов Алматы көшесіне мүлде асфальт жабындысы төселмегенін айтқан болатын.
Жиында аудан басшысы бұл мәселені назарға алатынын жеткізіп, жыл ішінде көшеге асфальт төселетінін хабарлаған болатын.
Сөзден — іске келер болсақ, бүгінде ұзындығы 1 шақырымнан асатын көшеге қаражат қаралып, мердігер жұмыстарды жүргізуде.
Қарой ауылдық округінің әкімі Әсет Үрпековтің айтуынша, жұмыстардың сапалы жүргізілуі жергілікті әкімдіктің бақылауында тұрғанын жеткізді

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.