АЭС зауыттардағы өндіріс шығынын азайтуға сеп болады

39

«Qarmet» АҚ металлургия комбинатында 6 қазанда өтетін атом электр станциясының құрылысы туралы республикалық референдум қарсаңында «Бас энергетик бөлімі» және «Конвертор цехы» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиналыс барысында атом электр стансаларын пайдалану ұзақтығына, атом энергиясын қауіпсіз және сенімді пайдалану нормалары мен қағидаларына қатысты қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Әлемде атом электр станцияларын пайдалану ұзақтығын ескере отырып, халықаралық қоғамдастық атом электр станцияларын салу мен пайдаланудың белгілі бір ережелерін әзірледі. Атом энергиясын қауіпсіз және сенімді пайдалану нормалары мен қағидаларын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) белгілейді. МАГАТЭ сарапшылары Қазақстанға келіп, еліміздің атом электр станциясын салуға дайындығын растады.

Қазақстан пайдалану процесінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ерекшеленетін жаңа буын III немесе III + АЭС салу мүмкіндігін қарастыруда.

Ал Абай облысындағы халықтық штаб мүшелері «Абай жомарт жастарына» АЭС-тің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі, оның экологиялық және экономикалық артықшылықтары жайлы түсініктемелер берді.

 

Жастар белсенді түрде сұрақтар қойып, АЭС-тің қауіпсіздігі, радиациялық тәуекелдер және оны салудың қоршаған ортаға әсері туралы сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстандағы энергетикалық тәуелсіздік пен оның әлемдік нарықтағы рөлі де талқыланды.

Халықтық штаб мүшелері АЭС-ты ұзақмерзімді пайдалану кезінде электр энергияның тұрақты тарифі қалыптасатынын, бұл қадам зауыттардағы өндіріс шығынын азайтуға және олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Атом станциялары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттарды шығармайды. Атом электр станцияларының радиациялық әсерінің үлесі өте аз және әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом станцияларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғат үшін қауіпсіздігін дәлелдейді», – деп атап өтті штаб мүшелері.

Жастар пікірталасқа белсенді қатысып, атом станциясының қауіпсіздігі, олардың қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына әсері туралы сұрақтар қойды. Штаб мүшелері Қазақстанда АЭС құрылысы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына қатаң сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтіп, барлық сұрақтарға толық жауап берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында да атом электр станциясын салудың артықшылықтары туралы атап көрсетті. Қазіргі заманауи технологиялар өте қауіпсіз. Атом электр станциялары қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмейді, бұл технологиялар мұқият бақыланып отырады», – деп аудан белсендісі Қуаныш Қожағұл өз сөзін қорытындылады.

Жалпы, Абай ауданының жастары АЭС салу жобасына жан-жақты қолдау білдіріп, 6 қазан күні өз таңдауларын жасайтындықтарын айтты.

https://turkystan.kz/article/249663-aes-zauyttardagy-ondiris-shygynyn-azaituga-sep-bolady

Leave A Reply

Your email address will not be published.