Айбынды Ата заң күні аталып өтті

494

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекеме Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Жиында №25 мекеме басшысы,әділет подполковнигі Бекзат Ортаев қызметкерлерді мерекемен құттықтап ізгі тілегін жеткізді.
«Ата Заңымыздың қағидаттарының маңызын насихаттау қызметкерлердің отаншылдық, патриотизм ұстанымдарын қалыптастыруда өте маңызды. Құқықтық нормаларды терең білу, жете түсіну Отанға деген сүйіспеншіліктерін, оны қорғауға бағытталған азаматтық борыштарын арттырады», — деп атап өтті.
Қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.