Айбоз ақынның жалынды жырлары оқылды

1 131

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыс әдебиетіндегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Сарысу ауданының құрметті азаматы, Алты Алашты аузына қаратқан талантты ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Ыбыраев Маралтай Райымбекұлының 55 жас мерейтойына орай «Жүйрік қалам, жылы жүрек иесі» фэн-бум кешін ұйымдастырды.
Аталмыш кеш жоба аясындағы кезекті айы осы ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау айлығының ашылуын белгілеп, ақын поэзиясымен Әулиеата жұртшылығын терең таныстыруға бағытталған.
Адамның ұйқысын шайдай ашатын, жаураған жүректі жылытатын, үміттінің үзігін жалғап, тынжыр мұңды сейілтіп, арман асуларына құлшындыратын, шынайы шындығымен рухани шөліңді қандыратын ақынның рухты өлең-жырлары, болмысы туралы жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақынның қаламдас әріптестері, Қазақстанның Құрметті азаматы, белгілі құсбегі, этнограф, зерттеуші-натуралис Жапар Сатылғанов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова, айтыскер ақын, журналист, облыстық «Ақ Жол» газетінің аға тілшісі Есет Досалы және ақынның қызы Ғайникен Маралтайқызы жыр жампозының жалпы шығармашылығына тоқталып, әсерлі әңгімелер мен қызықты ойларымен бөлісті.
Ақынның бойындағы өжеттілігі, қайсар мінезі, осының арқасында бойындағы талантын көрсетіп, ақындық қуатын мойындатып келе жатқан айбоз ақынның жалынды жырлары оқылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.