АУЫЛЫМ — АЛТЫН БЕСІГІМ

185
Өткен жұма күні әр апта сайын аудандағы мекеме және кәсіпорындардың, ауылдық округтердің ұйымдастыруымен аудан орталығы Жаңатас қаласында өткізіліп келе жатқан » Ауылым — алтын бесігім!» атты кезекті концерттік бағдарлама болып өтті. Мәдени шара Жаңатас қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өтті.
Шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев арнайы қатысып, сөз сөйледі. Жаздан бері өткізіліп келе жатқан концерттік бағдарламаның аудан мәдениетін дамытудағы маңыздылығына тоқталды.
Ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Жаңатас қаласының өркендеуіне түрлі салаларда еңбек етіп өз үлестерін қосып жүрген және «Таза қала», «Таза аула», «Таза үйлер» сынды шараларға белсене қатысып, өркениеттілікке ұмтылып, тазалықтың үлгісін көрсетіп жүрген мекемелер мен жеке азаматтарды, сонымен қатар осы шараға белсене ат салысқандарды Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сыяпаттар жасады.
Өз кезегінде Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов қала өміріне, қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласып жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, марапаттар табыс етті.
Концерттік бағдарламаны тамашалаған қала тұрғындары жақсы көңіл — күй сыйлаған шараға өз ризашылықтарын білдіріп жатты.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.