АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

281
Бүгін аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Ұланбел, Қарабөгет және Қылышбай елді мекендерінің халқымен кездесті.
Алдымен кездесу Ұланбел ауылдық округінде өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ауылдардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Содан соң ауыл тұрғындарының сауал – ұсыныстарын тыңдады. Ауыл тұрғындары ұялы байланыс мәселесін, Беккерей шұңқыры, интернат ғимаратын жөндеп балабақша етіп беру жұмыстарын жүргізіп беруін сұранды. Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған аудан басшысы, бұл мәселелерді шешу бағытындағы жасалып жатқан жұмыстарды түсіндірді.
Бұдан кейінгі кездесу Қарабөгет, Қылышбай елді мекендерінде өтті. Онда тұрғындар жайылымдық алқапқа су шығару үшін «Қарақыл» бөгетін қайта нығайту, ауыл ішіндегі электр бағаналары мен жарықтары, ауыз су, егін су мәселелерін көтеріп, ветеринария мамандарына өздерінің сауалдарын жеткізді.
Мұнан өзге де жергілікті жерде көтерілген бірқатар мәселелерге, аудан әкімі Ә.Балқыбеков сала басшыларымен бірге тиісінше жауаптар берді.
Мойынқұм ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.