«Ауыл Береке» базарында қоғамдық қабылдау өтті

36

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмысын Тараз қаласында қорытындылады. Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу.

Топ құрамына анықталған әлеуметтік мәселелерін шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық қоғамдық кеңес және ҮЕҰ төрағалары кірген .«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңына 50-ге жуық азамат тұрмыстық мәселе көтерді.

Кездесу барысында қала азаматтары баспана, жер мәселесін, тұрақты жұмыспен қамту, денсаулық, білім саласына қатысты сауалдарын көтерді. Мәселен, көтерме бағада балық сатуды қолға алған азамат, “Ауыл береке” базары маңынан ыңғайлы орналастыруын сұранды. “ОРЦ Тараз” ЖШС басшысы Алтай Қарабеков мәселені назарға алып, кәсіпкерге нақты жоспармен келіп, ортақ шешімге келетіндіктерін жеткізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің “Превенция және парасаттылық” басқармасының басшысы Ербол Бақтыхожаев бұл жобаның маңыздылығына тоқталды.

– Шалғай жатқан елді мекен тұрғынның бәрінде облыс орталығына өтінішін айтып баруға мүмкіндігі жоқ, ал жоба арқылы әр азамат әділетсіздікке тап болған жағдайда және тегін заңгерлік құқықтық алуға таптырмас іс- шара болды, – деді Е.Бақтыхожаев.

Жоба Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» атты мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылуда айта кету керек. Осы уақытқа дейін аймақта 10 ауданда өткен маңызды шарада 500-ден астам азамат мәселе көтерген. Республикалық деңгейде өткен мобильді қоғамдық қабылдауда халық арасында көтерген мәселелер оң шешімін тапқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.