«Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының табысын арттырады

213
“Ауыл аманаты” жобасы аясында 2,5%-бен несие алған азаматтардың кәсіптеріне бардым.
Әуелі, Берікқара ауылдық округі Майтөбе ауылының тұрғыны Қайрат Кемеловтің үйіне барып, мал бордақылау алаңымен таныстым. Үй іргесінде мүйізді ірі қара малын, 30 бас және 15 жылқы бордақылап отырған азамат, өзімен қоса бір адамды жұмыспен қамтып отыр екен. Оған 8700000 теңге несие алып отыр.
Келесі кәсібінен нәсіп отырған азамат — “Төленді” жеке кәсіпкерлігі. Төрағасы Бахрадин Рахаев Ойық ауылында техникалық қызмет көрсету станциясын ашып, жергілікті көліктерді жөндеумен айналысады. Екі адамға жұмыс беріп отыр. Оған 4 миллион теңге жоба аясында несие алған. Орташа 80000 теңге жалақы төлейді екен.
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, жаңа дұмыс орындарын ашу — менің сайлауалды бағдарламамның басым бағыты болатын.
Мукаш Искандиров, Қазақстанның Еңбек Ері

Leave A Reply

Your email address will not be published.