«Ауыл аманаты»: ұтымды ұсынысы бар тиімді жоба

208

Жеке қосалқы шаруашылықты тиімді табыс көзіне айналдырып отырған шаруалар үшін «Ауыл аманаты» аса қажет жоба саналады.  Өз үйінің ауласына көкөніс өсіруді кәсіпке айналдырған Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны Сапура Мырзағалиева жобаға қатысудан қорықпауға шақырды.

«2019 жылдан бастап отбасылық кәсіп ретінде екі жылыжайды іске қостық. Әуелі несие алып, сосын грантқа ие болдық. Жылыжай қысқы уақытта да жұмыс істейді. «Ауыл аманаты», бұл –егіншілікпен айналысуға және өз отбасыңды асырауға берілген мүмкіндік. Ештеңеден қорықпай, жобаға қатысыңыздар. Еңбек етіңіздер, міндетті түрде жемісін де көретін боласыздар», – деді Сапура Мырзағалиева.

«Ауыл аманаты»: ұтымды ұсынысы бар тиімді жоба

Олардың қатарында жыл сайын ақтөбеліктерді 20 тонна құлпынаймен қамтамасыз етіп отырған Мартөк ауданының азаматы Рахат Көпжан мен құс шаруашылығымен айналысып, 10-12 миллион теңге табыс тауып жүрген Алға ауданының тұрғыны Евгения Макаревич бар.

«Ауыл аманаты» – халыққа өте тиімді бағдарлама. Себебі 2,5%-дық несиені бірінші жылы үзіліспен және ауылдағы жылжымайтын мүліктің кепілдігімен бірде-бір қаржы ұйымы бермейді. Біз де бұл бастаманы қолдауға дайынбыз. Себебі, жергілікті жердің сапалы өнімі, бұл – ұлт денсаулығы!» – деді Евгения Макаревич.

Жеке қосалқы шаруашылықты игеруге енді ғана кіріскелі отырған болашақ кәсіпкерлер де бұл жобаға үлкен үміт артады. 26 жастағы Нұрсұлтан Қалдыбай солардың бірі. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен іске асқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағдарламасы бойынша алған грантты пайдаланып, жылыжай кешенінің бір бөлігін іске қосты. Енді «Ауыл аманаты» жобасы арқылы екінші кешен құрылысын қолға алады.

«Ауыл аманаты»: ұтымды ұсынысы бар тиімді жоба

Leave A Reply

Your email address will not be published.