«Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы!

58
Құрметті Әулиеата жастары!!!
Сіздерге арналып әзірленген өңірлік тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймын!
Облысымызда жастарды жарқын болашаққа ынталандыруға бағытталған бірқатар игі жобалар баршылық.
Соның бірі — «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы!
Өңірімізде 1,2 млн. астам халық тұрса, оның 355 мыңнан астамы (355 783) жастар.
Жалынды жастарды қолжетімді баспанамен қамту – облыс басшысының басты назарында!
Биыл «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау а.ж. 1-10 қазан күндері аралығында e-jambyl.kz сайты арқылы қабылдануда.
Биыл аталған бағдарламаға Жамбыл облысында тұратын, жасы 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) барлық азаматтар қатысуға мүмкіндік алып отыр.
— Ең жоғары қаржы сомасы — 15 млн.теңгеге дейін;
— Пайыздық мөлшерлеме — 6%;
— Бастапқы жарна — 10% (1,5 млн. тг.);
— Несие беру уақыты — 19 жылға дейін.
2023 жылы аталған бағдарлама аясында 144 азамат баспаналы болса, биылғы жылы аталған жобаға 2 млрд. теңге қаражат (1 млрд. теңге жергілікті бюджеттен, 1 млрд. теңге «Отбасы банк» АҚ тарапынан) қарастырылып, 140-тан астам жасты баспанамен қамту жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда «Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек» — деп айтуының өзі сіздерге деген сенім мен үміттің қаншалықты маңызды екенінің айқын дәлелі!
«Мен жастарға сенемін!» деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай мемлекет басшысы да, облыс әкімі де сіздерге сенім артады!
Сіздерді әр қашан да қолдауға дайын!
Жоғарыда аталған Бағдарлама аясында баспаналы болуларыңызға тілектеспін!
Серік Жақсылықұлы Сәлемов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары 

Leave A Reply

Your email address will not be published.