«Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Р.Қасымов, А.Стамқұлов және аудандық сайлауалды штаб басшысының орынбасары Р.Бегалиев партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау бойынша «Жастар ресурстық орталығында» ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуде кандидаттар партияның 2025 жылға дейінгі жоспарлаған басты 7 бағытындағы атқарылатын істер туралы баяндап, халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға ерекше мән берілетінін жеткізді. Мәселен, жекелеген топтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы көбейтілетін, мұқтаж жандар мен қамқорлықты қажет ететін жандарға тең мүмкіндіктер жасауға көңіл бөлінетінін түсіндірген кандидаттар кедергісіз ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударды.
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аға буынды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыру қолға алынып, басты мақсат партияның сайлауалды бағдарламасындағы жұмыстардың оң шешілуіне бағытталатын болады. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды жүзеге асыруды күтуде. Партияның есігі барлығы үшін ашық. Біз сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз халықтың сенімін жоғары бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!», – деген кандидаттар жиналғандарды алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Партияның жетістіктерге жетелейтін бағыттарымен танысқан ардагерлер көкейдегі сауалдарын да қойып, тұщымды жауаптар алды.
«Nur Otan» партиясының Жамбыл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді