Ауданға келген 1349 туристке қызмет көрсетілді

61
Ауданда туризмді дамытып, көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік мол.
Сарысу ауданында тарихи-мәдени, археологиялық 160 нысан бар.
Оның ішінде, 115 обалар мен қорымдар, 45 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. 9 обалар мен қорымдардың, 33 тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік жер актілері жасалынып, қорғау аймақтары бекітілген. 42 ескерткіштің құжаттары толық рәсімделген.
Бұл нысандар қала құрылысы, сәулет өнері, археологиялық және тарихи ескерткіштер сияқты түрлі дәрежедегі тарихи-мәдени мұралар. Археология ескерткіштері негізінен Қаратау тауының жотасы мен Шу өңірін бойлай орналасқан.
Аудан аумағында қазіргі уақытта қонақ күтетін 7 орналастыру орны, 14 тамақтану орны бар. Ауданда биылғы жылдың
1 жартыжылдығында орналастыру орындары арқылы 1349 туристке қызмет көрсетілді.
Аудан тарихына сыр шертетін Саудакент ауылындағы Төкен Мақашев атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайында 5813 экспонат орналасқан.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.