АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

231
Бүгін Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры А. Баймурзиннің №858ж/қ бұйрығымен Болат Ілесбекұлы Айтжанов Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшыны полиция бөліміне Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Үдербаев таныстырды.
Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов жаңадан тағайындалған аудандық полиция бөлімінің басшысын қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Айтжанов Болат Ілесбекұлы 4 наурыз 1980 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түркістан ауылына қарасты Үшбас ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, М. Әуезов атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылдан ішкі істер органында қызмет атқарады.
Еңбек жолын 2005 жылы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымынан бастап, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, бөлімше бастығы, аудандық полиция бөлімі бастығының жедел қызмет жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.