АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

69
Көпбаев Нұрлан Талғатұлы аудан әкімінің өкімімен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Нұрлан Талғатұлы 1987 жылдың 20 шілдеде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылында дүниеге келген.
2008 жылы — Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша мемлекеттік басқару бакалаврын, 2012 жылы — Қайнар университетін «құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалаврын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылдың қараша айынан бастап Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің аппаратының маманы-қаржы агенті болып бастаған.
2009-2010 жылдары аралығында Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы;
2010 жылы «Құлан-Тазалық» КМК-ның операторы;
2011-2012 жылдары аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің Жастар орталығының маманы;
2012-2015 жылдары аралығында Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, жетекші маманы, бас маманы;
2015-2017 жылдары аралығында Т. Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімшесінің бас маманы;
2017-2020 жылдары аралығында Т. Рысқұлов ауданы әкімінің бас инспекторы;
2020 жылы Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
2020-2021 жылдары аралығында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы;
2021-2023 жылдары аралығында Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы;
2023-2025 жылдары аралығында Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы торағасының орынбасары;
2025 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.