АУДАНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ШАХМАТТАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ

87
Біздің Сарысу топырағы көптеген өнер адамдары мен танымал тұлғаларды өмірге әкелген киелі мекен.
Сол тұлғалардың бірі — Асанәлі Әшімов.
Бүгінгі ауданымызда Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, даңқты кино және театр актері, жерлесіміз Асанәлі Әшімовтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында шахматтан ашық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, сөз сөйледі. Ауданда спортты кеңінен насихаттау мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар мен турнирлерді жиі өткізу қолға алынғандығын айтып, бүгінгі турнирдің Қазақстанның Еңбек Ері — Асанәлі Әшімовтың жүлдесі үшін өтуі даңқты жерлесімізге деген құрмет әрі ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда, ауданда шахмат ойынын дамытуға және жас шахматшылардың шеберлігін шыңдауға оң ықпал ететіндігіне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Асанәлі Әшімовтың туысы Әлжанов Мұстафа сөз салып, турнирді ұйымдастырушыларға, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Жарысқа Өзбекстан, Қырғыз Республикаларынан және Түркістан, Жамбыл облыстарынан, Шымкент, Тараз қалаларынан 80-ге тарта жас шахматшылар қатысып, бақ сынауда.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.