АУДАНДА ІІІ ОБЛЫСТЫҚ «МАРАЛТАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

40
Бүгін ауданда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау, жас ақындарға рухани қолдау көрсету, таланттар мен дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында «Маралтай оқулары» облыстық байқауы басталды.
Байқауға елімізге танымал мәртебелі меймандар, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары мен жастар қатысып отыр.
Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, байқаудың ашылуымен құттықтады. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің құттықтау хатын оқып берді.
Байқауға облысымыздың жас ақындары қатысып бақ сынауда.
Байқауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, журналист, «Түркістан» газетінің бас редакторы БАУЫРЖАН БАБАЖАН, журналист, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты ОРАЛХАН ДӘУІТ, ҚР Жазушылар Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы ХАМИТ ЕСАМАН және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ақын МАРАЛТАЙ РАЙЫМБЕКҰЛЫ әділқазылық жасауда.
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.