АУДАН ЖАСТАРЫ ЕГИПЕТ ТӨРІНДЕ

106
Ауданымызда бірнеше жылдан бері қызмет етіп келе жатқан «АMAKIDS» білім беру орталығы қазіргі таңда үлкен жетістіктермен қуантуда. Бұл орталықта ағылшын тілі (балалар мен ересектерге арналған), менталды арифметика (5-6 жас аралығындағы балаларға арналған), математика, жылдам оқыту, қазақ және орыс тілдері курстары бойынша дәріс беріледі.
Аталмыш орталықтың балалары алған білімдері бойынша үлкен сындарда бақ сынап, биік белестерді бағындырып келеді. Соның жарқын дәлелдерінің бірі ретінде жуырда білім алушылар Египеттің Шарм-эльШейх қаласында менталды арифметика және ағылшын тілінен өткізілген халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрініп, жеңіспен оралды. Арнайы шақырту бойынша барған шулық балалар аудан абыройын асқақтатып, орталық ұжымына да зор қуаныш сыйлады.
Айта кететін жайт, бұл «AMAKIDS» орталығы балаларының шет елдерге алғашқы ұшуы емес. Ағымдағы жылдың наурыз айында жаттықтырушы Медина Иманалы Дубай қаласында өткен сайысқа 5 оқушыны апарып, көптеген жүлделі орындарға ие болып қайтқан еді.
Білімді, сауатты ұрпақ – ел болашағының жарқын діңгегі! Ауданымызда білімді балаларды тәрбиелеп, жол көрсетіп жүрген «AMAKIDS» білім беру орталығының алдағы қызметі мен бастамаларына сәттілік тіілейміз!

 

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.