Талас ауданының әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімәжитұлының қатысуымен өткен жаңа жылдық шырша мерекесі балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Көңілді кеште аудан басшысы бүлдіршіндерге Жаңа жылдық ізгі тілегін жеткізді. Мерекеге қатысқан балалар Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауын тыңдап, қызықты ойындар мен қойылымдарға куә болды. Әсем безендірілген шырша маңында балалар ән айтып, би билеп, нағыз жаңа жылдық ертегінің кейіпкеріне айналды.
Жаңа жыл – жарқын армандар мен ізгі үміттердің уақыты. Біздің болашағымыз – балаларымыздың жүздеріндегі күлкі мен қуаныш ешқашан сөнбесін! ![]()
Келер жыл әр отбасына амандық, береке мен шаттық әкелсін!