Аудан әкімі жаңа мектептерді аралап көрді

330

Шуақты Шу өңірінің құрылғанына 90 жыл толуына орай ауданда тоқсан түрлі игі іс атқарылуда. Соның бірі аптаның алғашқы күнінде орын алды.

Алға және Бірлікүстем ауылдық округтерінде көптен күткен мектептердің құрылыстары аяқталып, білім алушыларға есігін айқара ашты. Алға ауылдық округіндегі Амангелді атындағы орта мектеп 300 орынға, Бірлікүстем ауылдық округіндегі Домалақ ене атындағы орта мектеп 300 орынға лайықталған.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылған білім ордалары бір жылдың ішінде бой көтеріп, пайдалануға берілген. Жаңа мектептердің ішін аралап көрген аудан әкімі Нұржан Календеров ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, жақсы тілегін білдірді. Заман талабына сай салынған ғимараттарда пәндік кабинеттер, мәжіліс пен спорт залдары, асхана және медициналық бөлмелері бар.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында білім саласына айрықша тоқталып, білім жүйесін арттыруға, ұстаздардың еңбегін бағалауға ерекше көңіл бөліп келеді. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да мемлекеттің алға дамуы тек білімнің салтанат құруы арқылы ғана мүмкін деп айтылған.

Бұл орайда аудан көлемінде атқарылған ауқымды істер көп. Жыл сайын білім сапасын бағытында тынбай жұмыс жасалып, жаңа білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта тозығы жеткен басқа да мектептер кезеңімен жаңартылатын болады, – деді аудан басшысы ұстаздармен әңгіме барысында.

 

Балнұр Жексенбекқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.