Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

67
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғын үй алу, шағын ауданға ойын алаңшасын салу, саябақтарды суландыру және өзге де жеке мәселелер бойынша азаматтар болды.
Әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берді.
Мәселенің заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.
Кейбір жеке азаматтардан түскен өтініштер жұмыс жүргізу үшін бақылауға алынды.
Көтерілген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Сарысу ауданы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.