Аудан әкімі шаруалармен кездесті

74

Бүгін аудан әкімі Бегзат Болатбеков ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті. Аудандық Мәдениет үйінде өткен келелі жиынға ауыл шаруашылығы саласына қатысы бар барлық қызмет өкілдері, шаруа қожалық басшылары мен диқандар қатысты. Алдымен Қордай ауданының 2022 жылы ауыл шаруашылығы бойынша қол жеткізген көрсеткіштері жайында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бақдәулет Сырлыбаев баянама жасады. Дәнді дақылдарды жинаудан бастап, алынған өнім, бөлінген жанармай мен тыңайытқыштар турасында сөз қозғаған бөлім басшысы биылғы жылға да жасалып отырған жоспарлар жайында ақпарат беріп өтті. Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі бұл бас қосу қазіргі таңда туындап отырған проблемаларды бір пысықтап алу, бірлесе отырып шешу жолдарын іздестіру екенін айтып, шаруалар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді. Олардың қатарында былтырғы жылы кешіктіріліп берілген тыңайтықыш жайы, арзандатылған дизель отынын алудағы жолдың қашықтығы, суармалы суды бөлу кезінде туындаған қиындықтар турасында көптеген сұрақтар көтеріліп, аудан басшысы әр жауапты маманнан себебін сұрап, биылғы жылы солардың алдын алу бойынша қолға алынатын жұмыстар жайында баян етті. Сондай-ақ, Бегзат Сейсенқұлұлы биылғы жылдан бастап қолға алынғалы отырған су қоймаларын кеңейту, салу жұмыстары жайында жағымды ақпаратымен бөлісіп, кейбір туындаған мәселелерді назарға алды.

Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.