Бүгінде егіншілер үшін егін науқаны басталып кеткені белгілі. Сондықтан да диқандар егістік алқаптарынан табылып, көктемгі дала жұмыстарына кірісіуде.
Бүгін аудан әкімі Әлихан Балқыбеков өзінің бір күндік жұмысын Қызылотау, Бірлік, Кеңес, Биназар ауылдық округтеріндегі егін алқаптарын аралап,танысуға арнады. Сонымен қатар, округтердегі Күшаман, Оңғарбай, Байбарақ каналдарына салынып жатқан шлюздердің сапасын және дән тұқымдарын себетін, жер жыртуға арналған арнайы техникалардың жұмыстарын көрді.
Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан бойынша 5 802,0 га суармалы жер алқабына егін егу жоспарланса, егіс жұмыстарына жалпы саны 80 жуық техника жұмылдырылуда.