ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Жалғас Мұртаза алғашқы кездесуін Ақсай ауылдық округінің тұрғындарынан бастады.![]()


Аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы сайлауда сенім артып дауыс берген бұқараға өз алғысын жеткізді. Сонымен қатар, Ақсай ауылдық округінде атқарылып жатқан бір қатар жұмыстарға тоқталды.
— Округте атқарып жатқан жұмыстар жетерлік. Мысалға Қайрат ауылының Абай, Садыбай батыр, О.Тәукебай, Ә. Молдағұлова көшелері орта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Қайрат пен Дихан ауылына ортақ мәдениет үйі бой көтеруде. Алдағы уақытта осы мәдениет үйінің қасынан спорт кешені бой көтереді. Алдағы атқарылатын жұмыстар ауқымды, — деп, нәтижелі жұмыс дұрыс жоспарлаудан басталатындығын аудан әкімі айта өтті.


Жуалы ауданы әкімдігі