Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

50

Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

Синоптиктерінің болжамы бойынша, Жетісу облысының шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауады. Таулы жерлерде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с болады, кей уақытта 23-28 м/с артады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, тұман, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с болады. Өрт тұтану қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, түнде солтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Өңірдің шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Өңірдің оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде – найзағай, батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде – найзағай, батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 18 м/с болады.

Астана қаласында кей уақытта найзағай жарқылдайды.

Күндіз Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығы тұманды болады.

Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

https://turkystan.kz/article/233708-aua-rayyny-b-zyluyna-baylanysty-bir-atar-irde-eskertu-zhariyalandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.