Атыраудағы ойын орталығында бала биіктен құлады (ВИДЕО)

131

Облыс орталығындағы «Атырау» сауда үйінде орналасқан ойын орталығында бала ойнап жүріп, биіктен құлап кетті деп хабарлады  turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Шамамен 11-12 жастағы ұл бала ойын орталығындағы аттракционда 5-6 метр биіктіктен абайсызда құлап, жарақат алды. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем шақыртылып,  балаға тиісті көмек көрсетілген.

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, баланың аяғы қатты ауырып қалған. Жедел жәрдем баланы облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жеткізген. Дәрігерлер оған сол жақ тобық буынының жабық жарақаты деген диагноз қойған.

https://turkystan.kz/article/218268-atyraudagy-oyyn-ortalygynda-bala-biikten-kulady-video/

Leave A Reply

Your email address will not be published.