Атыраудағы мешітте жаға ұстатар жағдай болды (ВИДЕО)

76

Сұлтан Бейбарыс мешітінде келушілердің бірі дөрекілік танытқан, деп хабарлады  turkystan.kz.

 Бейнежазбадан жас жігіттің діни қызметкерлердің сөзіне құлақ аспай, дауласып жатқанын байқауға болады. Кейін оған таныстары да қосыла кеткен, деп жазды AtyrauPress.

Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, бұл жайтқа қатысты Полиция басқармасына қоңырау түскен.

Онда белгісіз адамдар қалалық Сұлтан Бейбарыс мешітінде діни бірлестік өкілдерімен айқайласа бастағаны жөнінде айтылған. Бұл өз кезегінде мешітке келушілердің арасында алуан пікірдің туындауына әкеліп соққан. Арты дау-дамайға ұласқан.

Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты қажетті құжаттарды жинақтап, Діни басқармаға жолдаған. Одан әрі аталған мәселе әкімшілік сотта қаралатын болады.

https://turkystan.kz/article/230481-atyraudagy-meshitte-zhaga-ustatar-zhagday-boldy-video/

Leave A Reply

Your email address will not be published.