Атырауда әйелін өлтірмек болған күдікті ұсталды

188

Атырауда әйелін өлтірмек болған күдікті ұсталды
 Скриншот

Атырауда азаматтық некеде тұрғын бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласынан ұсталды.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің Ақтау қаласына барғаны анықталған.

«Полиция қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің дәлізінде 1991 жылғы әйелді өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласына кетіп қалғаны анықталды. Күдікті ұсталды. Оның жасы – 29-да. Қазір оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

https://turkystan.kz/article/244732-atyrauda-ielin-oltirmek-bolgan-kudikti-ustaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.