Атырауда 23 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кетті

66

Атырауда көпірден секірген бойжеткен құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 26 сәуірде​ Атырау қаласында болған.

«Жаяу жүргіншілер көпірінен Жайық өзеніне белгісіз адам секіруге әрекет жасап жатқаны жөнінде полиция қызметкерлеріне хабар сағат 15,50-де түскен. Құтқарушылар дереу оқиға орынан жеткен кезде, белгісіз адамның көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткендігі анықталды», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері секірген бойжеткенді құтқарушылар келгенге дейін су бетінде ұстап тұрған. Құтқарушылар полиция қызметкерін және құтқарылған бойжеткенді жағаға жеткізді.

«Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, өзенге секірген бойжеткенді құтқарып қалды. Құтқарылған 2000 ж.т. Т.А. азаматшаға ҚР ТЖМ «Апаттар медициналық орталығы» ММ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді», – делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 қызметкермен 1 бірлік техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ 3 қызметкер, 1 бірлік техника, ПД 5 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

https://turkystan.kz/article/221178-atyrauda-23-zhastagy-boyzhetken-kopirden-sekirip-ketti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.