Атырау облысында жол апатынан бір адам опат болды

58

Жол апаты «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы тасжолдың 523-шақырымында болған.

“Жол бойында 64 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «КамАЗ» бен «Skoda» автокөлігі соқтығысып қалды. Жеңіл көліктің рулінде 67 жастағы зейнеткер болған. Соққы салдарынан жол-көлік оқиғасы тіркелген орында «Skoda» автокөлігіндегі 1960 жылғы жолаушы көз жұмды. Осы көлікте болған екі адам ауруханаға жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Полицияның баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес жыл басынан бері аталған жол бойында бірнеше рет жол апаты тіркеліп отыр.

«Мәселен, 21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 7:30-да Атырау облысы арқылы өтетін «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы жолдың 502-шақырымында «ВАЗ-2114» автокөлігі жол апатына ұшырады. Көлік жүргізушісінің басқару жүйесін игере алмағаны анықталды. Сол күні сағат 10:40 шамасында аталған тас жолдың 376-шақырымында тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол бойында «Lada Priora» мен «УАЗ» автокөліктері соқтығысты», – деп қосты баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.