АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

263
Ауданда ұлтаралық татулық, халық бірлігін нығайту және қоғамды тұрақты даму жолына топтастыру мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.
Бұл бағытта аудандағы этномәдени орталықтардың атқарып жатқан жұмыстары елеулі.
Бүгін аудандық мәдениет үйіндегі «Қоғамдық келісім» орталығында аудандағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және аудандық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бас қосып, 2023 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы атқаратын жұмыстар туралы ақылдасты.
Ауданда этномәдени бірлестіктер этносаралық және ұлтаралық қарым қатынасты, ұлттар бірлігін сақтау, насихаттау бағытындағы барлық шараларға тартылған. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жастарды қазақстандық патриотизмге баулу, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу т.б көптеген шараларға да белсенді ат салысып келеді.
Жыл басынан ұлттық, мемлекеттік мерекелерге байланысты және өзге де аудандық деңгейде көптеген қоғамдық, мәдени және көпшілік шаралар өткізіліп, этномәдени орталық өкілдері белсене қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.